20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындарынан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түсті деп хабарлады turkystan.kz. Жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды. Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды.
Қызылордада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Қызылордада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
