Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы керемет нәтижемен құттықтаймын! Бұл – Кеңес Хамитұлының басқаруындағы федерацияның ерен еңбегі. Жарайсыңдар, жігіттер! Алға, Қазақстан!» – деп жазды Головкин Instagram-дағы ресми парақшасында.Айта кетейік, Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында боксшыларымыз бес медаль жеңіп алды. Санжар Ташкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) әлем чемпионы, ал Дулат Бекбауов (67 келі) күміс жүлдегер атанды.
