Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

ашық дереккөзі

Ақмола облысының Целиноград ауданында он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Целиноград ауданының 29 жастағы тұрғыны Шыңғыс Мұстафинге биылғы жылғы мамырдың 3-інде іздеу жарияланған. Оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге әскери қызметшілер, еріктілер, туыстары мен таныстары атсалысты.

«Мамырдың 12-сінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамның Сандықтау ауданы аумағына автокөлікпен келгенін, кейін көліктің Сандықтау ауылында тұрғанын анықтады.  

Жүктелуде...