Қарағандыда тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

Қарағандыда тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

ашық дереккөзі

Қарағанды облысы Қарағанөзек бекетіндегі темір жолда жасөспірімді тоқ соқты деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 7 мамырда болған. «Қазақстан теміржолы» ҰҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкі сағат 19:00 шамасында 15 жастағы жасөспірімді тоқ соққан.

«Жасөспірім астық таситын жүк пойызының үстіне шыққан. Салдарынан байланыс жүйесінің электр тоғы соғып, термиялық күйік алды. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігі үшін, әсіресе темір жол бойындағы ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз», - дейді темір жол мамандары.
Дәрігерлер баланың жағдайы өте ауыр екенін айтады.
«Денесінің жоғары бөлігінің 60%-ы күйген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жүктелуде...