Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар саны бойынша нәтиже белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Жартылай финалға жолдама алған боксшылар жөнінен Қазақстан құрамасы төртінші орында тұр: 5 боксшымыз бақ сынайды. Көшбасында Өзбекстан құрамасы: 9 боксшысы жартылай финалға жолдама алды. Одан кейінгі орындарда Куба мен Ресей тұр: 6 боксшы шаршы алаңға шығады. Ал Грузия, Үндістан, Франция және Испаниядан жартылай финалға 3 боксшыдан өтсе, Армения, Моңғолия, Бразилия және Әзербайжан - 2, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Қытай, Мексика және Италия бір спортшысына үміт артып отыр.
Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатындағы қазіргі нәтиже қандай?
Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатындағы қазіргі нәтиже қандай?
