Елімізде қасиетті Рамазан айында жаңа туған нәрестелерге ең жиі қойылған есім анықталды деп хабарлады turkystan.kz «КТК» арнасы.
Қасиетті айда сәби сүйгендердің көбі сәбиіне есімді Оразамен байланыстырып таңдаған. Жаңа туған 1100-ге жуық ұлға ата-анасы Рамазан есімін таңдады. Ал қыздар арасында жиі қойылған есімдер тізімінде «Медина» көш бастап тұр. Сәуір айында 430 отбасы қызына осы есімді қойған.
Рамазаннан кейін ұлдарға ең жиі қойылған есім – Айсұлтан. Бір айда 250-ге жуық балаға осы есім берілген. Сонымен қатар үштікке 170-тен аса жанұяның таңдауымен Әлихан есімі еніп тұр. Сондай-ақ сәуірде 141 сәби Нұрислам есімін иемденген. Ал қыздарға Мединадан кейін – Раяна және Айша есімдері жиі берілген. Осылайша өткен айдағы статистика нәрестелерге Әли, Ислам, Мұхаммед, Муслим, Дінмұхаммед, Әмина, Ясина, Фатима сияқты мұсылман есімдерінің жиі қойылғанын көрсеткен.