Қазақстандық жанкүйерлер орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен канадалық Стивен Батлердің айқасын тікелей эфирден тамашалай алады деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Стоктандағы (АҚШ, Калифорния штаты) жекпе-жек 14 мамыр күні Қазақстан уақытымен таңертең өтеді. Тікелей көрсетілімді «Хабар» телеарнасы ұйымдастырады. Басталуы Астана уақытымен 07.00-де. Бұл – Жәнібектің титулын екінші рет қорғауы. Бұған дейін ол 2022 жылы қарашада төрешілердің бірауыз шешімімен британиялық боксшы Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) жеңген болатын.
Әлімханұлы мен Батлер арасындағы кездесу тікелей эфирден көрсетіледі
Әлімханұлы мен Батлер арасындағы кездесу тікелей эфирден көрсетіледі
