Астанада қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды. 81 жастағы тұрғынның айтуынша, оның 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны қорлаған және кемсіткен деп хабарлады turkystan.kz. Рolisia.kz-тің жазуынша, Астана тұрғыны үйге мас күйінде келіп, жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды. Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданы полиция бөлімі учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
«Мас болған»: қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды
«Мас болған»: қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды
