Қараған қаласында эскалатормен түсіп бара жатқан ер адамды бейтаныс біреу арқасынан теуіп жіберген. Жартылай жығыла баспалдақпен төмен жүгірген ер адам еденге құлағанда есінен танып қалған деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға қаладағы «Сити Мол» сауда үйінде болған. «Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері жүйке жүйесінде ақауы бар 31 жастағы тұрғынды анықтап, оны психоневрологиялық диспансерге орналастырды», - делінген полиция хабарламасында.
Қарағандыда эскалаторда тұрған адамды белгісіз біреу теуіп құлатқан
Қарағандыда эскалаторда тұрған адамды белгісіз біреу теуіп құлатқан
