Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды

ашық дереккөзі

Қазақстандық Нұрқанат Серікбаев Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz. Н.Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта финалда оңтүстіккореялық Ким Вон Джунге жол берді. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл - тараздық, 20 жастағы Нұрқанат Серікбаевтың ересектер арасындағы алғашқы ірі табысы. Бұған дейін Нұрқанат 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді. Ташкенттегі Grand Slam додасы одан әрі жалғасуда.

Жүктелуде...