Ат үстінде отырып, көпқабатты үйдің баспалдағымен жоғары көтерілген қарағандылық 10 күнге түрмеге қамалуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Ер адамға құқықбұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», - делінген полиция мәліметінде.Видео Тик-ток желісінде тараған. Ер адам атпен 5-қабатқа баспалдақпен шығып, онысын видеоға түсірген.