Башқұртстанның бірінші президенті өмірден озды

Башқұртстанның бірінші президенті өмірден озды

ашық дереккөзі

11 қаңтар күні Башқұртстанның бірінші президенті Мұртаза Рахимов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы әлеуметтік желіде аталған елдің қазіргі басшысы Радий Хабиров мәлімдеді, - деп хабарлады turkystan.kz.

"Мұртаза Рахимов өмірден өтті. Біз, Ресей Федерациясыныың көркеюі мен гүлденуі үшін тер төккен башқұрт халқының ұлы перзентінің алдында басымызды иеміз. Бақұл болыңыз, құрметті Мұртаза Ғұбайдоллаұлы" деп жазды Радий Хабиров.
Айта кетейік, Мұртаза Рахимов 1993 жылдың 25 желтоқсанынан 2010 жылдың 15 шілдесіне дейін Башқұртстанның президенті болды.

Жүктелуде...