Eşit poll нәтижесіне сәйкес 20 қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады.
Еxit-poll нәтижесі келесідей:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52%;
Жигули Дайрабаевқа – 2,67%;
Қарақат Әбденге – 2,61%;
Мейрам Қажыкенге – 2,43%;
Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93%;
Салтанат Тұрсынбековаға - 1,44% дауыс берілді.
Ал сайлаушылардың 3,4%-ті бәріне қарсымын деген жауапты белгілеген.
Қоғамдық саясат институты: сайлаушылардың 85,52 пайызы Тоқаевқа дауыс берді
Қоғамдық саясат институты: сайлаушылардың 85,52 пайызы Тоқаевқа дауыс берді
