Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәліделді деп хабарлады turkystan.kz. Еске салсақ, Қазақстандағы оппозициялық партия саналатын ЖСДП атынан ұсынылған кандидат - 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев, партияның Астанадағы филиалының жетекшісі. Нұрлан Әуесбаев осыдан 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат. Бұған дейін Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия президент және парламент сайлауына бірнеше рет бойкот жариялаған болатын. Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген.
Нұрлан Әуесбаев ресми түрде президенттікке үміткер ретінде тіркелді
Нұрлан Әуесбаев ресми түрде президенттікке үміткер ретінде тіркелді
