Қазақстан президенттігіне тағы бір әйел адам өз кандидаттығын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, танымал құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды. Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты. Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды. Бүгінгі таңда ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты қосқанда, сайлауға қатысатын 6 кандидатты тіркеді. Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Белгілі құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Белгілі құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
