Нөсер жауыннан Сеул қаласында үйлерді, көліктерді, ғимараттар мен метро станцияларын су басып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы алтауы із-түзсіз жоғалып кеткен. Сеулдің кейбір бөліктерінде, Инчхонның батыс портында және Кёнги провинциясында дүйсенбі күні бір сағатта 100 мм-ден астам жаңбыр жауды. Сеулдің Донджак аймағында жауын-шашын 141,5 мм-ден асты, бұл - 1942 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Оңтүстік Кореяда 80 жыл бұрынғы оқиға қайталанды
Оңтүстік Кореяда 80 жыл бұрынғы оқиға қайталанды
