«2022 жылдың 5 тамызында Үкімет «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникация холдингі» АҚ таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.Айта кетейік, шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді. Осыдан кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин холдингті тарату туралы ұсыныс білдірген болатын.
«Зерде» холдингін тарату туралы қаулы шықты
«Зерде» холдингін тарату туралы қаулы шықты

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Зерде» холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.