Дүбірлі додада су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті деп хабарлады turkystan.kz. Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатыр. Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасуда. Бүгінгі кездесуде отандық спортшылар жинақы өнер көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 10:6 есебімен қапы қалдырды. Бұл топтағы Австралия Жаңа Зеландиядан 11:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық қыздар алғашқы кездесуінде Австралиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 24 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды. Сондай-ақ әлем чемпионатында D тобында еліміздің ерлер құрамасы Австралия, Сербия, АҚШ құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Жігіттер алғашқы ойында Австралияға 4:10 есебімен есе жіберді. Енді ерлер құрамасы 23 маусымда АҚШ-пен кездессе, 25 маусымда Сербияға қарсы ойнайды.
Әлем чемпионаты: Қазақстан Бразилиядан басым түсті
Әлем чемпионаты: Қазақстан Бразилиядан басым түсті
