57 адам: Алматы орталығында қонақүй өртенді

57 адам: Алматы орталығында қонақүй өртенді

ашық дереккөзі

Алматыдағы Қожамқұлов көшесінде орналасқан Hotel Plaza Almaty қонақүйінен өрт шығып, 57 адам құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық ТЖД мәліметінше, 19 мамыр күні сағат 22:21-де «Hotel Plaza Almaty» қонақүйінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, 6 қабатты қонақүйдің астыңғы қабатында орналасқан саунаның өртеніп жатқаны анықталды. Ғимараттың барлық қабатына қатты түтін тарап, адамдар өміріне қауіп төндірген. Олар терезе арқылы көмек сұраған», - делінген ТЖД хабарламасында.
Адамдар үш өрт сөндіру және төрт жылжымалы баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Қаза тапқандар жоқ.

Жүктелуде...