Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан бір адам көз жұмып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz. Апатқа ұшыраған көліктен зардап шеккендерді алып шығу үшін Алматы қаласының құтқару қызметі арнайы техниканы қолдануға мәжбүр болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Gracia батысқа қарай бет алған. Есентай моллдың қарсысында жүргізуші тізгінге ие бола алмай, алдымен бордюр, кейін Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Бұдан соң көлік билборд бағанасына соғылды. Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, қалғаны ауруханаға жатқызылды.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ALMATY KRIS P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Жүктелуде...