«Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлімімен «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 1977 жылғы ер адам қара түсті қоқыс салатын қапқа садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтты», – дейді Атырау ПБ баспасөз қызметіндегілер.Қала тұрғынына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бір қап сүйек-саяқты көпірден лақтырып жіберген азамат ұсталды
Бір қап сүйек-саяқты көпірден лақтырып жіберген азамат ұсталды

Көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған атыраулық бейнекамераға түсіп қалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атырауда 15 мамыр күні сағат 21:00-де қаладағы Мечников көпірінде ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Бұл әрекеті Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.