«Әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің даму перспективалары талқыланды. Осы ретте Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада.Президенттер алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.