«Халыққа көмек» жобасы аясында AMANAT партиясының Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Алматы және БҚО-ның филиалдарына жағдайлары төмен, жұмыссыз тұрғындар жағдайларын айтып, азық-түлік және қаржылай көмек көрсетуді сұрады.
Облыстық мәслихат депутаттары мен AMANAT партиясының облыстық филиалының қызметкерлері өтініш берушілердің өтініштеріне немқұрайлы қарамай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 100-ге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Облыстық мәслихат депутаттары мен партия мүшелері көмекке мұқтаж отбасыларға барып қайтты. Олар – мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер.
«Халыққа көмек» партиялық жобасы және «Игі істер марафоны» аясында қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері таратылды.

Қайырымдылық көмегін алғандар AMANAT партиясына жаңа табыс, шабыт тілеп, алғыстарын білдірді.