Twitter әлеуметтік желісі Украинадағы соғысқа байланысты айғақсыз жазылған 50 мыңға жуық фейк материалды өшіріп тастады деп хабарлады turkystan.kz Oxy.az порталына сілтеме жасап. Компанияның вице-президенті Шинейд МакСуини Twitter-де Украинадағы оқиғаларға қатысты жұртты адастыратын өтірік ақпараттың көбейіп кеткенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол мұндай материалдардың басым бөлігі Ресейден тарайтынын айтты. Сол себепті, Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тарының твитіне белгі қойып отыру қолға алынғанын атап өтті.
Twitter Украина оқиғаларына қатысты 50 мың фейк хабарды өшірді
Twitter Украина оқиғаларына қатысты 50 мың фейк хабарды өшірді
