Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 22 ұялы телефонды ұрлаған төрт тонаушыны ұстады, деп жазды turkystan.kz. Күдіктілер «Әйгерім-2» шағынауданындағы жалдамалы баспанада ұсталды. Күдіктілердің ең үлкені 29 жаста болса, ең кішісі – 24-те. Анықталғандай, 6 қаңтарға қараған түні бұзақылар тобы ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркадағы ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Ұсталғандар – Алматы облысынан келгендер. Олар қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы мен басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.
Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар қолға түсті
Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар қолға түсті
