Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер тарап жатыр. Осыған байланысты БҒМ баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары бұдан хабардар», - делінген хабарламада.