Қытайда шахтадағы апаттан 21 адам көз жұмды

Қытайда шахтадағы апаттан 21 адам көз жұмды

Қытайда шахтадағы апаттан 21 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Қытайдың Шэньму қаласындағы көмір кен орнында апат болып, 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тағы 66 жұмысшы аман-есен құтқарылды. Жалпы апат кезінде шахтада 87 кенші болған. Олардың 19-ы көз жұмып, құтқарушылар тағы 2 адамды сыртқа алып шығуға күш салған еді. Бірақ операция нәтиже бермеді. Әзірге кенде апат неден болғаны белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Айта кеткен жөн, Қытайдың кен орындарында қайғылы оқиға жиі болып тұрады. Оған көбіне қауіпсіздік шараларының төмен деңгейі себеп.