Қазақшаға келгенде кежегесі кейін тартып...

Қазақшаға келгенде кежегесі кейін тартып...

Қазақшаға келгенде кежегесі кейін тартып...
ашық дереккөзі
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев  қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады. Бейнежазба арқылы жолданған құттықтауда төраға әріптестеріне алғыс білдіріп, еліміздің қаржылық жүйесінің дамуы үшін барын салғандарын айта келіп, былтырғы жылдың алдыңғы жылдан гөрі табысты болғанына тоқталды.  – Құрметті достар! Жаңа жыл жоспарлар мен аңсаған арманның іске асуына деген үмітті оятатын мереке. Кім-кім де өткен жылға есеп беріп, тілек тілеп, болашаққа жоспар құрады. Өткен 2018 жыл жыл біздің қаржылық тәуелсіздігіміз бен еліміздің қарыштап дамып жатқанының символы – ұлттық теңгеміздің 25 жылдық мерейтойымен аталып өтті. Біз бұл жылы Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресін сәтті өткіздік. …Біз жылдық инфляция 5,3%-ды құрайды деген тоқтамға келдік, – деді Ұлттық банк төрағасы. Ол сондай-ақ, 2018 жылы Ұлттық банктің ықпалы арта түскенін айтты. Мүмкін, осыны айту арқылы былтыр бірнеше банктің жабылғанын тұспалдағысы келген шығар. Бас банкир тек дамып жатырмыз, теңгеміз нығайып, Ұлттық банктің құлашы кеңейе түсуде деген сұлу сөздерді айтуды жаңа жылмен құттықтау деп түсінетін болуы керек, былтырғы жылы теңгенің бірнеше пайызға құлдырағанын айтуды ұмытып кетті. 2018 жылдың басында қаржы саласының мамандары теңгенің 330-345 теңгенің арасында «ойнап» тұратынын айтқанымен, теңгенің жыл соңындағы көрсеткіші (долларға шаққанда) 384,2-ге жетті. Өзі бастап, қаншама орынбасары мен департамент директорларын түгел сөйлетіп шыққан 11 минуттан асатын видеоны Facebook әлеуметтік желісіне жарнама ретінде тіркепті.  

Төлеген Әшімұлы,

Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы