"Түркістан" газетінде жаңа бас редактор

"Түркістан" газетінде жаңа бас редактор

"Түркістан" газетінде жаңа бас редактор
ашық дереккөзі
"Түркістан" халықаралық газетінің бас редакторы болып, Қуат Әуесбай тағайындалды. Жаңа басшыны бүгін газет ұжымына "Нұр-Медиа" медиа холдингінің бас директоры Ляззат Танысбай ханым таныстырды. Қызмет жолын «Ана тілі» газетінің тілшісі болып бастаған Қуат Әуесбай әр жылдары «Қазақстан-Заман» газеті, «Айқын» газетінің Жамбыл облысы бойынша тілшісі, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі МемжерҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі-«Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Кейінгі жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Еуразиялық Топ ЖШС, Сыртқы корпоративтік коммуникациялар бөлімінің сарапшысы, «Astana News» ЖШС директоры, «Атырау ақпарат» ЖШС директоры орынбасары, Жамбыл облыстық "Aq jol" газетінің директоры-бас редакторы, елімізде тұңғыш латын қарпімен шығатын "Til Qazyna" газетінің редакторы боп қызмет атқарды.  width=