Түркия Босфор бұғазын жапты

Түркия Босфор бұғазын жапты

Түркия Босфор бұғазын жапты
ашық дереккөзі
Түркия билігі сейсенбі, 8 қаңтар күні толассыз жауған қар мен жолдың көрінбеуі салдарынан кемелер өтетін Босфор бұғазын жапты. Бұл туралы ҚазАқпарат GAC Shipping Turkey порт операторына сілтеме жасап хабарлайды. Аталып өтілгендей, әзірге бұғаз арқылы кемелердің қозғалысына қашан рұқсат етілетіні белгісіз. Босфор және Дарданелл бұғаздары - Қара теңіз порты арқылы мұнай мен астық экспортталатын маңызды транзиттік нүкте. Жыл сайын олар арқылы 120 млн тонна мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданады.