«Торпедо» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Торпедо» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Торпедо» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Өскемендік «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері Мисхат Фахрутдинов қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлады altaynews.kz. «Келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша күшін жойды» делінген хабарламада. Айта кетейік, ресейлік маман 28 желтоқсан күні қарағандылық «Сарыарқамен» өткен ойынға да, одан кейінгі баспасөз мәслихатына да қатыспаған болатын. Сол матчта бас бапкердің қызметін Евгений Фадеев атқарды. Енді міне, араға бір аптадай уақыт салып, өскемендік клубтың баспасөз қызметі Фахрутдиновтың қызметінен кеткені туралы ресми мәлімдеме жасады. Естеріңізге салайық, ресейлік бапкер «Торпедо» тізгінін 2017 жылдың қараша айында ұстаған болатын. Былтырғы біріншілік барысында Фахрутдиновтың командасы плей-офф кезеңінің 1/8 финалында сүрінген-ді. Дегенмен биылғы біріншілікте команданың аяқ алысы мәз емес. 39 кездесуден кейін 41 ұпай жинаған жерлестеріміз әзірге турнир кестесінің бар болғаны 16-шы сатысында орналасуда.