Бразилияда аптап ыстықтан балық қырылды

Бразилияда аптап ыстықтан балық қырылды

Бразилияда аптап ыстықтан балық қырылды
ашық дереккөзі
Ғаламдық жылыну Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында экологиялық апат тудыруда. Күннің ыстықтығынан шаһар маңындағы көлдердің бірінде 15 мың тонна балық қырылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Себебі, ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Сарапшылардың айтуынша, осыдан кейін көлдегі оттегі азайып, апатты жағдайға әкелген. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, 5 жыл бұрын балықшылар осындағы көлден 65 мың тонна өлі балық аулаған. Бірақ ол кезде балықтардың қырылуына нөсер себеп болған. Өйткені шелектеп құйған жауыннан көлге зиянды қалдықтар келіп түскен.