ЛОНДОНДАҒЫ – «KAZAKHSTAN HOUSE»

ЛОНДОНДАҒЫ – «KAZAKHSTAN HOUSE»

ЛОНДОНДАҒЫ – «KAZAKHSTAN HOUSE»
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі ғимаратының жоғары жағына «Kazakhstan House» деген маңдайша орнатылды. Ғимараттың өзі Pall Mall көшесінде орналасқан. Ол Лондонның миллиондаған тұрғыны мен қонағы күнбе-күн жүріп өтетін орталық көшелерінің бірі. Бір айта кетерлігі біздің дипломатиялық өкілдік Ұлы-бри­таниядағы ТМД елшіліктерінің арасында алғашқы болып осындай мүмкіндікке ие болып отыр. Бұндай мүмкіндік Біріккен корольдікпен айрықша әріптестік қарым-қатынас орнатқан мемлекеттерге беріледі. Британиялық-қазақстандық қауымдастықтың төрағасы Руперт Гудман: «Бұл – Лондонның нағыз жүрегінде орналасқан қаланың ең маңызды жері. Маңдайша Қазақстанды Ұлыбритания астанасында елшілігі бар мемлекеттердің ең жоғары жағына орнықтырады, – дейді. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі бұл мәселемен ұзақ уақыт айналысқан. Келісімді Вестминстер корольдік ауданы Лорд-мэрінің жеке санкциясынан кейін алу мүмкін болған. Елшіліктің ресми мекенжайы ретінде «Kazakhstan House» енді Royal mail британиялық корольдік пошта қызметі және электронды карталар әрі іздеу құрылғылары арқылы пайдаланылатын болады.