Disney кейіпкерлері – Алматыда

Disney кейіпкерлері – Алматыда

Disney кейіпкерлері – Алматыда
ашық дереккөзі
Қазақстанда Disney анимациялық фильмдерінің музыкасы ойналған «Сиқырлы адамдар» атты киноконцерттің бірегей жанры ұсынылған алғашқы киноконцерт болып өтті. Республика сарайында өткен шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Disney-дің Ресей еліндегі компаниясы «Болашақ» бірлескен қорымен бірігіп ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның негізгі мақсаты – аутистік ауытқулары бар адамдарды әлеуметтендіруге назар аударту. Концерт бағдарламасында «Салқын жүрек», «Арыстан патша», «Су перісі», «Ару мен құбыжық», «Мулан», «Аладдин» және «Покахонтас» сияқты аңызға айналған композициялар ойналды. Анимациялық фильмдердің музыкасын Александр Беляков басқарған Алматы әкімінің эстрадалық-cимфониялық оркестрі орындады. Disney-дің ресми концерттері Лондон, Токио, Париж, Мәскеу және басқа қалалардың үздік концерт залдарында өтіп жатыр. Киноконцертте ойналған саундтректер 11 «Оскар» cыйлығын иеленген танымал композиторлар Ханс Циммер, Алан Менкен және Джери Голдсмиттің шығармалары болып табылады. Алматыдағы киноконцертке екі мыңнан астам көрермен жинады, соның ішінде 500 билет әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға тегін бөлінді.