Алғаш рет Аяз Аталар шеруі өтті

Алғаш рет Аяз Аталар шеруі өтті

Алғаш рет Аяз Аталар шеруі өтті
ашық дереккөзі
Биыл Ташкенттегі 505 махалладағы ерікті белсенділер Жаңа жыл мерекесіне Аяз Ата киімімен қатысады, деп хабарлайды сentralasian.org. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүздеген Аяз Ата "Махаллядағы Жаңа жыл" жобасы аясында дайындықтан өткен. Әлеуметтік желілерде 16 желтоқсанда Ташкент көшелерінде шерулеткен Аяз Аталар туралы хабарлар көп тарады. Олар қаланың орталық көшелерімен жүрім өткен. "Махалля" қорының Ташкент қалалық бөліміндегілердің хабарлауынша, махалля комитеттері дайындаған Аяз Аталар жағдайы нашар отбасыларды, мүгедектерді, сонымен бірге 100 жастан асқан қариялар мен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін Жаңа жылмен құттықтайды. 20 желтоқсаннан бастап махалля комитеттерінің ғимараттарында, балалар алаңқайларында 12 жасқа дейінгі балаларға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Айта кетерлік жайт, Аяз Аталар шеруі Ташкентте алғаш рет ұйымдастырылды. Мұндай шара өткен жылдары Бішкек пен Алматы қалаларында өткен.