Елдос Сметов Гуанчжоуда Masters турнирінің қола жүлдегері атанды

Елдос Сметов Гуанчжоуда Masters турнирінің қола жүлдегері атанды

Елдос Сметов Гуанчжоуда Masters турнирінің қола жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан Masters турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24». Елдос 60 кг салмақта іріктеу сайысында АҚШ пен Испания балуандарын тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өз тобындағы шешуші бәсекеде өзбекстандық Шарафуддин Луфтиллаевпен кездесті. Тартысты белдесу «алтын ұпайға» дейін созылып, Елдос қосымша уақытта вазари әдісімен басым түсті. Жартылай финалда Е.Сметов ресейлік Роберт Мшвидобадзеге есе жіберді. Кейін осы балуан финалда грузиялық қарсыласын ұтып, чемпион атанды. Қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін бәсекеде тағы бір ресейлік Ислам Яшуевтің меселін қайырды. 66 кг салмақта күрескен Елдос Жұмаханов та қола жүлдеге жақын тұрды. Алайда ол шешуші белдесуде моңғол балуанынан таза жеңіліп қалды.