Қазақстанда жаңа академия құрылады

Қазақстанда жаңа академия құрылады

Қазақстанда жаңа академия құрылады
ашық дереккөзі
Академияны «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы аясында ашу жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тимур Шәймергеновтың айтуынша, жаңа академияда киберқауіпсіздікке үйретеді. Осыған орай, әлемнің жетекші компанияларымен әріптестік байланыс орнату шаралары атқарылуда. «Қазіргі кезде біз киберқауіпсіздік академиясын құру бойынша ұйымдастыру-құқықтық мәселелерді зерделеп жатырмыз. Осы жұмысқа мықты компаниялар тартылады. Олардың ішінде Түркия, Израиль және Ресей компаниялары бар. Академия мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады», - деді Т.Шәймергенов ҚР Парламент Сенатында өткен жиында. Оның айтуынша, биыл өнеркәсіптік киберқауіпсіздік бойынша ұлттық орталық құрылған болатын. Аталған құрылым Transtelecom-мен бірлесіп жасалды. Оның негізгі мақсаты - стратегиялық маңызы бар нысандардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Дәл осы орталықтың негізінде киберқауіпсіздік академиясы да жұмыс істейтін болады. Сол жерде жекеменшік және квазимемлекеттік салалар үшін кәсіби киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға болады», - деп атап көрсетті Т.Шәймергенов.