Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады

Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады

Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанда кино билеттері қымбаттаған. Орташа баға 1224 теңге. Еліміздегі ең қымбат билеттер Атырауда сатылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ranking.kz деректеріне сүйенсек, мұндағы билеттердің орташа құны 1749 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Астана мен Көкшетауда да билет құны қымбат. Дегенмен, Астанада баға сәл төмендеген. Ал Қарағанды мен Оралда киноны шамамен 970 теңгеге тамашалауға болады. Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбат бағаланған.