Атырауда балықтар жаппай қырылып жатыр

Атырауда балықтар жаппай қырылып жатыр

Атырауда балықтар жаппай қырылып жатыр
ашық дереккөзі
Атырау қаласының сыртындағы Перетаск шағын өзенінде балықтардың жаппай қырылу оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін біз судың жағасына шығып қалған балықтардың өлексесін көрдік. Көршілердің айтуына қарағанда, балық үшінші күн қатарынан қырылып жатыр-мыс»,- дейді Алма Әубекерова ҚазАқпарат тілшісіне. Ол бізге оқиғаның суретті мен видеосын ұсынды. Жергілікті тұрғандар тиісті органға төтенше жағдай туралы хабар берген. «Оқиға орнында біздің мамандар жұмыс жасап жатыр. Экология департаментінің қызметкерлері су сынамасын алды және біз бірнеше балық өлексесін зерттеуге жібереміз. Зерттеу қорытындысынан кейін жағдай белгілі болады. Қазіргі кезде жергілікті орган жағдайды назарда ұстап отыр» - деді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы төреғасының орынбасары Арман Молдашов.