Аудандар жанданып келеді

Аудандар жанданып келеді

Аудандар жанданып келеді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы аудандарды дамыту – маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Сондықтан, өңір басшылығы аудандарды жандандыруға ерекше назар аударып отыр. Мәселен, Жамбыл ауданында барлығы 42 елдімекен болса, соның бүгінде 29-ы көгілдір отынмен қамтылған. Қазіргі кезде 13 ауылды газдандыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұған қатысты бірқатар мәселенің шешімі табылса, келер жылы қалған елдімекендерге газ құбырын тарту жұмыстары қолға алынбақшы. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аудан әкімі Бақыт Қазанбасов мәлімдеді. Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің 10 айдағы қорытындысы туралы баяндаған әкім осы уақыт аралығында 49 млрд. 193,3 млн теңгенің өнімі өндірілгенін айтты. Ауданда инвестиция тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда екен. Атап айтсақ, «Супер фарм» ЖШС өнім көлемін екі есеге ұлғайтуды көздеп отыр. Соның нәтижесінде екінші цехтың құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Ол жыл соңына дейін қолданысқа енгізілуі мүмкін. Осылайша, серіктестік аудан бюджетіне 8 млрд инвестиция құйыпты. Одан бөлек, Қаракемер ауылында 120 га аумаққа жылыжай салу қолға алынса, Айша бибі елдімекенінде жалпы құны 16 және 24 млрд теңгені құрайтын екі күн электр станциясы салынбақшы. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталады деп күтілуде. Аудан көлемінде ірі-қара мал басын 41 мыңға жеткізу көзделуде. Ет экспорттау бойынша 110 тонна меже қойылған болса, бүгінде оның көлемі 285 ке жеткен. «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша осы жылы 1 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, жаңа жылға дейін екінші үйдің құрылысы аяқталады. Аймақтағы 42 елдімекеннің 13-і газбен қамтамасыз етілмеген. Келер жылы бұл бағытта нақты істер қолға алынса, кезең-кезеңімен ауылдарға көгілдір отын тартылатын болады. Ал Жуалы ауданының шаруалары 18 млрд 684 млн теңгенің өнімін өндірді. Өңірдің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы  да  аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов өткізген брифингте айтылған болатын. Алдыңғы жылмен салыстырғанда аудан экономикасы барлық салалар бойынша ілгері нәтиже көрсетіп отыр- дейді әкім.  2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстары қарқынды дамып, көлемі жуық шамамен 2 млрд 972 млн теңгені құрады. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 289 пайыздық көрсеткішті беріп отыр. Өнеркәсіп кәсіпорындары 5млрд 72 млн-ның өнімдерін өндіріп, ал ауыл шаруашылығы саласындағы  жалпы өнім көлемі 18 млрд 683 млн-ды құраған. Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 7725 шаршы метрді құрайтын баспаналар қабылдауға алынды. Сонымен қатар, 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалардың  үлесі  99 пайызды құрайды. Аймақтағы 49 елді мекеннің 15-і  ауыз сумен қамтылған. Шақпақата, Көлтоған, Қошқарата жеріне сараптама қорытындылары алынып, 2019 жылы мемлекет тарапынан қаржы сұрату жұмыстары жүргізілуде. Ал Қордай ауданында түрлі саланың қозғаушы күшіне айналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша үстіміздегі жылдың 9 айында біраз жұмыстар атқарылыпты. Ауданның өнеркәсіп-кәсіпорындары 1 млрд.144 млн теңгенің өнімін өндірген. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру картасына аудан бойынша енген жалпы жобалық құны 49 млрд 773 млн теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы аудандағы 5 жобаға мемлекетті қолдау көрсетіліп отыр. Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,3 млрд теңгені құраған. Қордай ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 110 маманға көтерме жәрдемақы беріліп, тұрғын үй сатып алуға 34 маманға 122 млн теңге несие берілді. Аудан көлемінде құрылыс жұмыстары бойынша көрсеткіш 9 айда1 млрд 280 млн теңгеге жетті. Ал жер қатынастары саласында жер телімдерін жеке меншікке сатудан жергіікті бюджетке 103 млн теңге түсім түскен.