Димаш Құдайбергенді Лондон әуежайындағылар ду қол шапалақпен қарсы алды

Димаш Құдайбергенді Лондон әуежайындағылар ду қол шапалақпен қарсы алды

Димаш Құдайбергенді Лондон әуежайындағылар ду қол шапалақпен қарсы алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Лондондағы Хитроу әуежайындағылар музыкамен және ду қол шапалақпен қарсы алды, артист 17 қарашада тұңғыш жеке концерті үшін ұшып барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орындаушының тыңдармандары Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайынан шығарып салған болатын, олар әншіге алдағы концерттің сәтті өтуін тіледі. Ұлыбритания астанасында Димашты шамамен 100 адам қарсы алды - оның тыңдармандары әлемнің түрлі елінен барған. Шотланд волынкасының үнімен әншінің тыңдармандары оны есік алдында күтіп тұрған, олар Димашқа сыйлықтар мен гүлдерін табыс етті. Жүздері эмоция мен қуанышқа толы тыңдармандар әншімен суретке түсіп, әңгімелесті.