Жалғыздық ақыл-есті кемітеді

Жалғыздық ақыл-есті кемітеді

Жалғыздық ақыл-есті кемітеді
ашық дереккөзі
«Флорида штаты университетінің қызметкерлері зерттеу жүргізіп, соның барысында егде жастағы жалғыздық ақыл-есті кемітетіндігін анықтады. Жобаға 50 жастан асқан 12 030 америкалық қатысты», деп хабарлайды Journals of Gerontology. Ғалымдар 12 мыңнан астам отандасы туралы мәліметтерді талдап шықты. Зерттеуге қатысушылар олардан өздерін жалғыз санайтыны не санамайтыны жайында айтып беруін сұрады. Бұдан кейін егде жандар бірқатар тест тапсырған. Олар 10 жыл бойы жылына екі рет тест тапсырды. Осы уақыттың ішінде 1104 адамда деменция (ақылсыздық) дамыған. Зерттеушілер өткізілген жұмыстың негізінде жалғызбасты адамдардың бойында егде жастағы ақылсыздықтың даму қаупі олардың нәсілі, жынысы, жасы, сондай-ақ, біліміне қарамастан, орташа алғанда 40 пайызға өсетінін айтып отыр.