Қоңыздар мумиясы табылды

Қоңыздар мумиясы табылды

Қоңыздар мумиясы табылды
ашық дереккөзі
Египетте археологтары тарихта бірінші рет көң қоңыздарының мумиясын тапты. Бұл туралы  Baq.kz хабарлайды "The Guardian" сілтеме жазап. Жаңа табылған археологиялық заттардың арасында мысықтың, кобраның және қолтырауынның мумиясы бар. Археологтардың айтуына қарағанда мұндай ерекше мумиялардың сақталғанына 6 мың жылдан асқан. Египеттің Тарихи істер бойынша Жоғарғы кеңесінің хатшысы Мұстафа Вазиридің айтуына қарағанда, 200-ден астам мумияланған қоңыздың бір жерде болуы таңқаларлық жағдай. Қоңыздардың барлығы да табытқа ұқсас тастан жасалған бұйымда, саркофагта сақталған. Оның бірінде қоңыздар бірінің үстіне бірі тізіліп қойылса, екіншісінде матаға оралған екі үлкен қоңыз сақталған. Құрт-құмырысқаның бұл түрі ежелгі Египетте бақыттың, игілік пен байлықтың нышаны болған. Бұдан бөлек алтын жалатылған және қоладан жасалған мысық бейнелері де осы жерден табылды.