9 Қараша, 10:51 220 0 Өнер "Түркістан" газетінің авторлары

Шығыпсың биік сүмбірге

Бақытбек Бәмішұлына(«Алтын аралдың арғымақтары» өлең-романын оқығаннан кейін)

Тарихат жаздың, мағлұмат жинап көп қызық,

Жүзіңді дала самалына да өпкізіп.

Романды оқып, қолдайтын адам болғанда

Қойғандай екен төбеңді көкке жеткізіп.

Тарих әрі шежіре де екен бұл толғау,

Біткенше жазып, жүрегіңе де мұң толды-ау.

Қарымды ақын, қайратты жассың  әлбетте,

Рухың биік, керек болды ғой бұлтармау.

Жетелеп намыс, шығыпсың биік сүмбірге,

Өткеннің шынын, жеткіздің жазып бұл күнге.

Бір мүшел ғұмыр, арнапсың есіл уақыт,

Лайық осы, өзіңдей өрен дүлдүлге,

Көшумен жүріп, не көрмеген бұ елің,

Қилы да қилы, тағдыр кешкенін білемін.

Қолыңнан қалам, түспесін жүдә, көп жаса,

Ағалық тағы ақындық адал тілегім.

Зуқай Шәрбақынұлы

Соңғы жаңалықтар