Калифорниядағы атыс: 11 адам жарақат алды

Калифорниядағы атыс: 11 адам жарақат алды

Калифорниядағы атыс: 11 адам жарақат алды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Калифорния штаты, Лос-Анджелес қаласының маңындағы Таузенд-Оукс қаласында атыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Independent басылымына сілтеме жасап. Полицияның мәлімдеуінше, барда болған атыс кезінде он бір адам, соның ішінде бір полиция қызметкері жарақат алған. Тәртіп сақшылары бардың айналасын қоршап, белгісіз ер адамға іздеп жатыр. CBS телеарнасының хабарына қарағанда, қаза тапқандар туралы ақпарат әлі расталмаған. Куәгерлердің айтуынша, қаруланған белгісіз ер адам Borderline Bar and Grill барына кіріп, ондағы адамдарға шамамен 30 рет оқ атқан да, ізін суытқан.