8 Қараша, 16:36 175 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

ҰҚШК төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтеді

Астанада бүгін, 8 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт Ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді, деп хабарлайды centralasian.org.

Ұйымның ресми сайтында хабарланғандай, күн тәртібінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік проблемалары, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы саясатын үйлестіру мәселелері, қауіп-Қатерлерге қарсы тұрудың бірыңғай механизмін жетілдіру, ұйымның әскери әлеуетін арттыру мәселелері талқыланады.

Бірқатар мәселелерді мемлекет басшылары шағын топпен талқылайды. Армения атынан сессия жұмысына премьер-министр қызметін атқарушы Никол Пашинян қатысады.

Қазіргі таңда ұйымға Қазақстан төрағалық етіп отыр. Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2018-2019 жылдары ұйым төрағалығы Қырғызстанға өтетіндіктен, қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков сессия барысында келесі кезеңде ұйымды басқарудың басым бағыттарын жариялайды.

Сессия қорытындысы бойынша ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары мәлімдеме қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар