Еліміздегі ең ұзын веложол Өскеменде салынады

Еліміздегі ең ұзын веложол Өскеменде салынады

Еліміздегі ең ұзын веложол Өскеменде салынады
ашық дереккөзі
Өскеменде республика бойынша ең ұзын велосипед жолы салынады. Ол №19 ықшамаудан мен қаланың орталығын жалғайды, деп хабарлайды Алтайньюс. Бұдан бөлек Сәтпаев даңғылы бойымен жүгіруге арналған жол да салынады. Ол да еліміздегі ең ұзын жол болмақ. «Байқайсыздар ма, Ертіс жағалауында мұндай вело және жүгіру жолдары болмағанда ол жерде ешкім жүрмейтін. Ал қазір қандай болды? Таңғы сағат 6-дан бастап спортпен шұғылданғандарды көресіз», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов. Сондай-ақ Сәтпаев даңғылы бойынан 14 спорт алаңын да ашу жоспарланған.