«Медеу» мұз айдынында коньки тебуді тегін үйренуге болады

«Медеу» мұз айдынында коньки тебуді тегін үйренуге болады

«Медеу» мұз айдынында коньки тебуді тегін үйренуге болады
ашық дереккөзі
«Медеу» мұз айдынында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына тегін коньки тебуді үйрену сабақтары жалғасуда, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Аңызға айналған «Медеу» қонақтары тек коньки теуіп қана қоймай, шара ұйымдастырушыларымен бірге көтеріңкі көңіл-күйде болды. Сахнада кез келген келуші өлеңдер оқып, өздерінің билерін көрсетті. Олардың арасындағы үздік ән көрермендердің көмегімен анықталды. Жеңімпаздар әртүрлі бағалы сыйлықтар мен конькилермен марапатталды. Осы сенбі «Медеуге» дәстүр бойынша көп адам жиналды. 20-ға жуық арнайы көк киім киген нұсқаушылар барлықтарына өз білгендерін үйретіп, көптеген кеңестер айтты. «Мен конькимен сырғанап жүргеніме 5 жыл болды. Нұсқаушы боламын деп, өзімнің шеберлігімді арттырдым. Маған адамдарға сабақ берген ұнайды. Оларға кеңесімді беріп тұрамын. Ең бастысы ол әрине қызығушылық пен ынта. Сонымен қатар, көбісі коньки таңдаудан қателесіп жатады, және өздерінің тепе-теңдіктерін сақтай алмайды. Оның бәрі түзеледі, тек талаптанып, қорықпау керек», - деп нұсқаушылардың бірі Дмитрий Подпорин өз кеңесімен бөлісті. Айта кетер жайт, бағдарлама сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін әр аптаның сенбі күндері осы мұз айдынында өткізіледі. Мұз айдынына кіру ақылы. Кіру билеті мен конькиді жалға алу бағалары «Медеу» мұз айдынының баға көрсеткіші бойынша жүргізіледі. Бұл тегін коньки тебуге үйрету бағдарламасы осы жылдың соңына дейін жалғасады. Оның мақсаты қала тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.