Әскерге шақырылушылар келді

Әскерге шақырылушылар келді

Әскерге шақырылушылар келді
ашық дереккөзі
Десантты-шабуылшы әскерге Шығыс Қазақстан облысы, Астана мен Қостанай қалаларынан әскерге шақырылушылар келді. Десантты-шабуылдаушы әскеріне жаңадан шақырылушылар келуде. 61993 әскери бөлімінің десантшылар қатарын 130 әскерге шақырылушылар толықтырмақ. Олар Шығыс Қазақстан және Астана, Қостанай қалаларынан келген. Оларға ең ұнағаны солтүстік қалалармен салыстырғанда Алматы жылы қала екенін қуана айтты. Алматы жылы ауа-райымен ұарсы алса әскер де жақсы болады деп әзілдеді әскерге шақырылушылар.  width= Бірінші күні жас сарбаздар жаңа жағдайға үйренуге бейімделеді. Әскери психологтар олармен психологиялық тесттер мен жеке әңгімелесулер жүргізіп, жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше командирлеріне тапсырады. Сарбазды зерделеу кезінде басты назар білім деңгейіне, мамандығының бар болуына, іскерлік және сипаттамалық қасиетеріне аударылады. Жас сарбаздарды бөлімше бойынша бөлу кезінде қайта тереңдетілген медициналық комиссиядан өткізіледі. Ағымдағы бір ай ішінде болашақ десантшылар жалпыға бірдей оқу және мемлекеттік-құқықтық дайындық, жарғылардызерделеу курстарынан өтіп, күн тәртібі мен білімін жетілдіріп, қызметке түсу дағдыларын, ату дайындық амалдарын, әскери техникалар мен ату қаруын меңгереді. Сонымен қатар ату, тактикалық дайындықтары бойынша нормативтерді орындау жолдарын іс жүзінде меңгереді, - деді 61993 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жөніндегі орынбасары Арынғали Акишев. Бірнеше күн бұрын 16194, 58012 әскери бөлімдеріне 60 адам толықтырылды. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 2000-ға жуық десантшы-шабуылдаушы әскеріне келді. Әскери антты салтанатты қабылдау Қазақстан Республикасы Президент күніне орай қараша айының соңында өткізу жоспарлануда.