Данияр Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді

Данияр Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді

Данияр Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
АҚШ-та Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіби рингтегі төртінші кездесуін өткізді, деп жазады Sports.kz. 27 жастағы қазақстандық Бостон қаласындағы TD Garden аренасында өткен бокс кеші аясында америкалық Мэтт Доэртиге (8-5-1, 4 КО) қарсы бокстасты. Бұл жекпе-жек бірінші раундта техникалық  нокаутпен Елеусіновтің жеңісімен аяқталды. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, 27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.